Кездесу барысында әңгімелесушілер Қазақстан мен Ресей арасындағы екі жақты қарым-қатынастарды нығайту перспективаларын талқылады.
Г. Рапота мәлім еткендей, 2007 жылы 18 сәуірде Астанада ЕурАзЭҚ-тың мемлекеттік кеңесінің отырысы өтеді. Отырыста ЕурАзЭҚ -ты одан әрі дамыту және ұйымға қатысушы мемлекттердің өзара іс-қимыл мәселелері кеңінен талқыланатын болады.
«Қазақстан — біздің стратегиялық әріптестіміз, біз сіздермен ЕурАзЭҚ аясында тығыз жұмыс істейміз. Бізде шешілмеген мәселелер бар, бірақ қарама- қайшылық болған емес және болмайды да», — деп атап өтті Г. Рапота.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті