«Мен бүгін бәсекелестік жөніндегі арнаулы кеңес құру жөнінде шешім қабылдадым. Ол қағаз жүзінде бар болғанымен, әзірге өмірде жұмыс істеп отырған жоқ. Ол үкіметтен 2-3 адам, жеке меншік сектордан 6 адамнан, барлығы 9 жуық адамнан құралған ықшамды кеңес болуға тиіс. Шағын және орта бизнес жөніндегі комиссия секілді. Ол шағын ғана болғанымен, осы айларда қаншама шешім қабылданды. Кеңесті құрумен Ө.Шүкеев айналысады», -деді Кәрім Мәсімов.
Үкімет басшысының пікірінше, «Бәсекелестік туралы» заң ойдағыдай дәйектелген, оған қатысты жиынтық пікір бар. «Бәсекелестік туралы» заңды 26 тамызға дейін толықтыра дайындап, үкіметтің отырысына енгізу қажет», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті