Республика үкімет басшысы жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді толықтыра дәйектеуге тапсырма берді (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкімет басшысы жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді толықтыра дәйектеуге тапсырма берді (толық нұсқасы)

Республика үкімет басшысы жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді толықтыра дәйектеуге тапсырма берді (толық нұсқасы)

Астана. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ҚР Индустрия және сауда министрлігі жобасын жасаған жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді толықтыра дәйектеуге тапсырма берді. Бұл туралы ол бүгін бәсекелестік туралы заң жобасы талқыланған "дөңгелек үстел" барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Тамыз 2008
  • 515
Фото - Caravan.kz

Ол Владимир Школьникке «басқа органдармен бірлесіп заң жобасын бір айдың ішінде толықтыра дәйектеуді» тапсырды.

Үкімет басшысының айтуынша, заң жобасын 30 күннен кейін үкіметтің отырысына енгізу жоспарланған, оның барысында «тіпкілікті шешім» қабылданатын болады. «Шаруаны ұзаққа соза бермеуді ұсынамын»,- деді Кәрім Мәсімов .

Сонымен бірге үкімет басшысы «бұл шешімдерді сауда-өнеркәсіптік палата туралы заңға енгізу жоспарланған өзгерістермен бірге қабылдау керек. Бұл мәселелер бір блок түрінде қарастырылуға тиіс» деген пікірде.

В. Школьниктің түсіндіруінше, «Жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Қазақстан президентінің былтырғы халыққа арнаған жолдауы аясында жасалған.

«Заң жобасында негізгі үш жаңалық бар. Алғаш рет бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі деген ұғым енгізіліп, мемлекеттік органдарда аккредитацияланған бірлестіктердің нормативтік-құқықтық актілерді сараптау процессі жетілдіріле түскен, бизнес-инкубаторлар мен кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру мен олардың жұмыс істеуі жеңілдей түседі», — деді ол.

«Заң жобасы бойынша мемлекеттік органдар мен түрлі бірлестіктер өткен был бойы және ағымдағы жылдың бірінші жартысында толық жұмыс істеді», — деді В. Школьник.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті