Республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылмаған - «ҚазАвтоЖол»
![]() |
Республикалық маңыздағы автомобиль жолдарында қауіпсіз әрі үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету үшін |
200 жол-пайдалану техникасы тартылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
Бүгінгі таңда Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарында қар жауып, ауа температурасы күрт төмендеп, көктайғақтың пайда болуына орай қолайсыз ауа райы жағдайы сақталып тұр.
Республикалық автомобиль жолдарына көктайғаққа қарсы материалдарды уақтылы себу және автокөліктердің қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету шаралары қарастырылған.
Қыс мерзімінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау мақсатында өндірістк базалар, жылыту пункттері, көмір, құм, тұз, және тағы басқа жанар-жағармай материалдары қоры дайындалған. Барлық қар тазартқыш техникалар жұмыс жүргізуге дайын.
«Аталған облыстарда жол қызмет күштерімен республикалық автомобиль жолдарындағы қар көп түсетін учаскелерде патрульдеу, өтпе жолдарды қардан тазалау жұмыстары жүргізіліп, қарға қарсы ықтырма және «Тайғақ жол» жол белгілері қойылды. Асуларға, тік өрлерге, қияларға, қиылыстарға және қауіп-қатерлі жолдарда көктайғаққа қарсы материалдар себілген», делінген хабарламада.
Қазіргі кезде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылмаған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін