Жарияланды: 370

Республикалық «Волейбол фестивалі» мерекесі өтеді

4 маусым күні Алматы, Астана қалалары мен барлық облыс және аудан орталықтарында республикалық «Волейбол фестивалі» болады.

Халықаралық волейбол федерациясының қамқорлығымен дәстүрлі түрде әлемнің көптеген елдерінде өтетін бұл шараға 2009-2010 жылдары 1 миллионнан астам адам қатысқан болатын. Мақсат - балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, денешынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау және жұртшылық арасында волейболды тарату. Қазақстан оған биыл тұңғыш рет қатысқалы отыр. Оны «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен Туризм және спорт министрлігі мен ҚР Ұлттық волейбол федерациясы бірігіп ұйымдастырады. Алматы қаласында бұл шара Октябрь Жарылғапов атындағы спорт кешенінде өтпек. Онда мектеп жасындағы балалар үшін 10 алаң дайындалып отыр. Саябақтық волейбол бойынша болатын бұл сайыста әр командада 4 ойыншы өнер көрсетпек. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер жарыс соңында ескерткіш сыйлықтармен марапатталады деп жоспарлануда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін