«Әлемдік банктің бағалауынша, республиканың ауылшаруашылығы саласы инвестициялардың тиімділігі жағынан мұнай өндіруден кейін екінші орынға шықты. Ауылшаруашылығы өнімдерінің әлемдік бағасының өсуіне байланысты бұл саланың капитал салуға тартымдылығы арта түсті», — делінген жолдауда.
«Қазақстанның табиғи- климаттық жағдайлары ел халқын басты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етіп қана қоймай, сыртқы нарыққа шығаратын азық-түліктің ауқымды бөлігін өндіруге де мүмкіндік береді «, -деді президент.
«Қазақ бидайының бірегей қасиеті, мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік беретін ауқымды әлеует республиканың ауылшаруашылығын тұрақты дамытуға негіз болады», -делінген Елбасының хатында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті