Жарияланды: 400

Республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, кей жерлерде жел күшейеді деп күтілуде - 1 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Республиканың басым бөлігінде антициклонның ықпалы сақталады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады, кей жерлерде жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Тек республиканың оңтүстік бөлігінде жаңбыр жауады. Жамбыл облысында және күндіз Қызылорда облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде және таңертең Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарын тұман басады, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін