Республиканың қиыр оңтүстігінде ауа температурасы +39 градусқа дейін көтеріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республиканың қиыр оңтүстігінде ауа температурасы +39 градусқа дейін көтеріледі

Республиканың қиыр оңтүстігінде ауа температурасы +39 градусқа дейін көтеріледі

Сәрсенбі күні Қазақстанның солтүстігінде, батысы мен солтүстік-батысында антициклон ықпал етіп, онда ала бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республиканың орталық, шығыс, оңтүстік-шығыс облыстары арқылы атмосфералық тұтас ағым ығысып, сонымен байланысты күн күркіреп, өтпелі жауын жауып, екпіндетіп жел соғады. Республиканың қиыр оңтүстігінде ауа температурасы +39 градусқа дейін көтеріледі, деп «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

  • 15 Маусым 2011
  • 708
Фото - Caravan.kz

Сәрсенбі күні Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, батыстан соққан желдің жылдамдығы 7-12 м/с болады, ауа температурасы +22+24 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығып, түнде жауын-шашынсыз, күндіз өтпелі жауын жауып, күн күркіреп, оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады, екпіні 11 м/с болады, ауа температурасы +29+31 градус болады.

Синоптиктердің мәліметтерінше, солтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында түнде және таңертең тұман түседі, ауа температурасы сәйкесінше, +15+20, +22+27 граду болады. Павлодар облысында ауа температурасы +20+25 градус, Қостанай облысында +20+25 градус болады.

Қарағанды облысында жауын-шашын күтілмейді, түнде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, күндіз ауа температурасы +20+25 градус болады. Шығыс Қазақстан облысында аздап жауын жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы ықтимал, ауа температурасы +25+30 градус болады.

Республиканың оңтүстігінде күн күркіреп, жауынды болады. Алматы облысында аздап жауын жауып, күн күркіреп, кей жерлеріндегі желдің жылдамдығы 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы +27+32 градус болады. Жамбыл облысында күн күркіреп, аздап жауын жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, ауа температурасы +30+35 градус. Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген аудандарында күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен шаңдатып жел тұрады, күн күркіреп, аздап жаңбыр жауады, ауа температурасы +34+39 градус болады. Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, күн күркіреп, аздап жауын жауып, ауа температурасы +34+39 градус болады.

Жамбыл облысында күн күркіреп, жауын жауады, ауа температурасы +32+37 градус.

Қазақстанның батысында Маңғыстау облысында ғана күн күркіреп, аздап жауын жауады, жағалауда түнде және таңертең тұман түседі, ауа температурасы +32+37 градус, Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, ауа температурасы +22+27 градус. Атырау облысында ауа температурасы +29+34 градус, Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы +24+29градус болады.

Синоптиктердің хабарлауынша, республиканың оңтүстік, оңтүстік-батыс облыстарында өрт туындау қаупі өте жоғары болады.

Алдағы тәуліктерде Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында өзендердегі судың деңгейі құбылмалы болады. Қазақстанның қалған су айдындарында елеулі өзгерістер болмайды.