Жарияланды: 460

РФ экономикалық даму және сауда министрі ресми сапармен елімізге келеді

27-29-қарашада РФ экономикалық даму және сауда министрі Герман Греф пен РФ президентінің әкімшілігі төрағасының орынбасары Игорь Шувалов ресми сапармен елімізге келеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР индустрия және сауда министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сапар барысында ресейлік өкілдер Ресей мен Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформалар барысын талқылауға арналған үкіметаралық консультацияларға қатысады. Ол 28-қарашада Елордасындағы "Интерконтиненталь" қонақүйінде өтеді деп күтілуде. Еліміз жағынан бұл кездесуге ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Ғабидолла Әбдірахымов, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Болат Жәмішевтер қатысады. Сол күні Г.Греф пен И.Шувалов ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметовпен және ҚР президенті әкімшілігінің басшылығымен жүздеседі. 28-қараша күні кешкісін РФ қаржы министрлігі, салық және алымдар министрлігі, РАО "ЕЭС России" компаниясының басқармалары мен басқа да ресейлік бірқатар мекемелер өкілдері қамтылған делегация Алматыға келеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін