Жарияланды: 410

РФ мен ҚХР басшылары Душанбеде өтетін кездесуде бірқатар екіжақты құжаттарға қол қоюды жоспарлап отыр

Душанбе. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - РФ президенті Дмитрий Медведев пен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның Тәжікстан Республикасына алдағы ресми сапарларының барысында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ақпарат департаментінің бастығы Давлат Назриевтің айтуынша, қазіргі уақытта құжаттар келісіліп жатқандықтан нақты қандай құжаттарға қол қойылатыны әзірге жарияланбайды. Ол тек қана сапарлар мерзімін ғана атап көрсетті. Ху Цзиньтаоның сапары 27 тамызға, ал Ресей президентінің сапары 29 тамызға белгіленген. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін