РФ президенті ЕурАЗЭҚ жетекшілеріне интеграциялық процестерді талқылауды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 457.21
  • 534.62
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
РФ президенті ЕурАЗЭҚ жетекшілеріне интеграциялық процестерді талқылауды ұсынды

РФ президенті ЕурАЗЭҚ жетекшілеріне интеграциялық процестерді талқылауды ұсынды

АЛМАТЫ. 16-тамыз. Kazakhstan Today. РФ президенті Владимир Путин ЕурАЗЭҚ жетекшілеріне интеграциялық процестерді, соның ішінде Біртұтас экономикалық кеңістік пен Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту жоспарларын талқылауды ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

  • 16 Тамыз 2006
  • 387
Фото - Caravan.kz



Сочи қаласында ЕурАзЭҚ жетекшілерінің бейресми кездесуін ашқан Ресей президенті : «ЕурАзЭҚ аясындағы интеграцияны Кедендік одақ құруға дейін тереңдету ниетіміз Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту қарқынымен және әрбір елге қатысты осы құбылыстың сапасымен нақты әрі ашық сабақтасуға тиіс»,- деп атап өтті.

Ол сондай-ақ ЕурАзЭҚ-тың Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымымен ықпалдастығын тереңдету мәселесіне назар аударуды ұсынды.

Бұдан кейін отырыс жабық жағдайда жалғасты.