Ресей «тиісті өңірлердегі Ресей Федерациясының мүддесін қорғау үшін өңірлік экономикалық және қаржылық ұйымдардың мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, ТМД кеңістігіндегі интеграциялық процестердің нығаюына септігін тигізетін ұйымдар мен құрылымдардың іс-қызметіне баса назар аударатын болады», -делінген тұжырымдамада.
«Ресейдің сыртқы саясатының басымдық берілген бағыты ТМД-ға қатысушы елдермен арадағы екі жақты және көп жақты ынтымақтастықты дамытуға саяды. Ресей жаһандану жағдайында ТМД елдерінің жалпы және әрбір мемлекеттің маңызды ресурсы болып табылатын ортақ мәдени-өркениеттік мұраны сақтау және оны ұлғайта түсу негізінде ТМД елдері арасында гуманитарлық саладағы ықпалдастықты нығайтуға барынша септігін тигізетін болады. Әсіресе, ТМД елдерінде тұратын отандастарды қолдауға, өзара уағдаластықтың негізінде олардың білім алу, еңбек ету, әлеуметтік, тілдік, гуманитарлық және басқа да құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға келісуге баса назар аударылды», — делінген тұжырымдама мәтінінде.
«Ресей ТМД елдерімен арадағы өзара қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты ұлғайта түседі. Ресей ЕурАзЭҚ аясында Кедендік одақ пен біртұтас экономикалық кеңістік құру аясында Беларусь және Қазақстан Республикасымен белсенді жұмыс істейтін болады және бұл жұмысқа басқа да ЕурАзЭҚ мүшелерін тартуға септігін тигізеді»,- делінген құжатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті