РФ үкіметтік комиссиясының өкілдері "Протон" құлаған жерде болған жоқ - Мұсабаев - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
РФ үкіметтік комиссиясының өкілдері  "Протон" құлаған жерде болған жоқ - Мұсабаев

РФ үкіметтік комиссиясының өкілдері "Протон" құлаған жерде болған жоқ - Мұсабаев

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 11 қыркүйек. АСТАНА. РФ үкіметтік комиссиясының бірде-бір өкілі "Протон-М" зымыран тасығышы құлаған жерде болған жоқ, деп мәлімдеді Ұлттық аэроғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев.

  • 11 Қыркүйек 2007
  • 455
Фото - Caravan.kz

«РФ үкіметтік комиссиясының бірде-бір өкілі «Протон-М» зымыран тасығышы құлаған жерде болған жоқ, онда тек Ресей Федерациясының жұмыс тобының мүшелері ғана жұмыс істеп жатыр», — деді Т. Мұсабаев бүгін мәжілістің экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің отырысында сөйлеген сөзінде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 6 қыркүйек күні түнде Байқоңырдан ұшырылған «Протон-М» зымыран тасығышы, «Бриз-М» үдеткіш блогы мен Жапонияның JCSAT-11 ғарыштық аппаратымен Жезқазғаннан 40 шақырым жерге құлады. Ұшырылым белгіленген мерзімде- Астана уақытымен 4 сағат 43 минутта ұшырылған, алайда ұшырылымның 135 секундында зымыранның екінші саты қондырғысының қозғалтқышы апатты жағдайда өшіп қалған. Алдын-ала мәліметке сәйкес, «Протон-М» зымыран тасығышының құлауына тарту күші векторын басқаратын тізгіндік машиналардың істен шығуы себеп болған.

«Протон-М» — Ресейдің федералдық ғарыштық бағдарламасының аясында пайдаланылатын ауыр зымыран-тасығыш. Зымыранды М. Хруничев атындағы орталық жасап шығарған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті