РФ және ҚХР үкімет басшылары екі ел үкіметіне 2010 жылғы және одан кейінгі жылдарға арналған ғарыш саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын дайындауды тапсырды
Алматы. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ресей Федерациясының үкімет басшысы Владимир Путин мен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябао екі ел үкіметіне 2010 жылғы және одан кейінгі жылдарға арналған ғарыш саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын дайындауды тапсырды. Бұл туралы РФ және ҚХР үкімет басшыларының кездесуінің қорытындысы бойынша қол қойылған бірлескен коммюникеде айтылған, деп хабарлайды агенттік тілшісі ИТАР-ТАСС агенттігіне |
сілтеме жасап.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін