РФ Жинақ банкісінің қазақстандық еншілесі биыл қанша пайда көрді? - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
РФ Жинақ банкісінің қазақстандық еншілесі биыл қанша пайда көрді?

РФ Жинақ банкісінің қазақстандық еншілесі биыл қанша пайда көрді?

РФ Жинақ банкісінің қазақстандық еншілесі 2013 жылы 21,623 млрд теңге таза пайда алды,

  • 4 Мамыр 2014
  • 426
Фото - Caravan.kz

бұл 2012 жылдың көрсеткішінен 10% аз, делінген банктің аудиттелген халықаралық стандарттарға сай қаржылық есебінде.

Есептік мерзімде банктің таза пайыздық табысы 46,324 млрд теңгеге жеткен, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 40,6% артық.

2013 жылдың ішінде банктің активтері 42% артты, 1 трлн 33,454 млрд теңгеге дейін, міндеттемелері 43,3%, 916,115 млрд теңгеге дейін, өзіндік капиталы — 33%, 117,339 млрд теңгеге дейін, жарғылық капиталы — 17%, 51,5 млрд теңгеге дейін.

Қаржылық қадағалау деректеріне қарағанда, 2013 жылдың нәтижелері бойынша республиканың 38 банкі ішінде банк активтерінің көлемі жағынан 5-ші орынға ие болған.