РФ-да олимпиада алауының эстафетасы кезінде алаугердің киімі лап ете түскен - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
РФ-да олимпиада алауының эстафетасы кезінде алаугердің киімі лап ете түскен

РФ-да олимпиада алауының эстафетасы кезінде алаугердің киімі лап ете түскен

Абаканда Олимпиада алауы эстафетасының қорытынды кезеңінде алау алып жүруші Туриндегі Олимпиадада бобслейден Ресейдің құрама командасының мүшесі Петр Макарчуктың киімі алау отынан тұтанып кетті, деп «Интерфакс» агенттігінің тілшісі хабарлады.

  • 28 Қараша 2013
  • 579
Фото - Caravan.kz

Оқиға алаугер олимпиада алауын тұтандыруға қатысуы тиіс болып сахнаға жақындағанда болған.П.Макарчуктың күртесінің жеңі күтпеген жерден лап ете түскен. Көмекшілер дереу отты сөндіріп, спортшыға жаңа форма бергеннен кейін салтанатты шара қайта жалғасты.

Салтанатты шара Абаканда Первомайск алаңында өтті.

Олимпиада ойындарының символын кеше Хакасияда арнайы пойыз алып келді. Содан кейін олимпиада алауы тікұшақпен Саяно-Шушенск ГЭС-іне жеткізіліп эстафета басталды. Осыдан кейін алаугерлер олимпиада алауын алып жүрген соң Олимпиада символы қайтадан Абаканға жол тартты.

Хакасиядан алау Туваға аттанды.


Олимпиада алауының эстафетасы 7 қазан күні Мәскеуде Қызыл алаңда басталды.