Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бенедикт XVI 95 жасқа қараған шағында көз жұмды.
Джозеф Ратцингер Рим Папасы болып 2005 жылы сәуірде Иоанн Павел II қайтыс болғаннан кейін сайланды. Ол 265-ші Рим Папасы болды.
Бенедикт XVI 2013 жылы денсаулығының нашарлауына байланысты тақтан бас тартты. Бұл католиктік шіркеу тарихындағы үшінші және соңғы 600 жылдағы алғашқы тақтан бас тарту болды.