Рим папасының туған күнінің құрметіне жүздеген жұп танго биін биледі - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рим папасының туған күнінің құрметіне жүздеген жұп танго биін биледі

Рим папасының туған күнінің құрметіне жүздеген жұп танго биін биледі

Жүздеген жұп Рим Папасы Францисктің туған күнін атап өту үшін Римдегі Әулие Петр алаңында танго биін биледі.

  • 18 Желтоқсан 2014
  • 363
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы khabar.kz жазады.

Рим Папасы католик шіркеуінің басшысы ретінде 2013 жылы сайланды. 78 жасқа толған Хорхе Марио Бергольо шіркеу тарихындағы алғашқы аргентиналық Рим Папасы болып табылады.

Ол Рим Папасы болып сайланбас бұрын Аргентинаның ұлттық биін жақсы көретінін айтқан. Оны құттықтау үшін, би оқытушысы әлеуметтік желілерде осы идея арқылы еріктілерді жинап, осындай ерекше жолмен мерекені атап өтуді ұсынған.

Сонымен қатар, Францискті құттықтау үшін келген басқа тілеулестер оған аргентиналық матэ сусыны мен өз құттықтауларын және торт алып келіпті.