Роналду Instagram тарихына енді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Роналду Instagram тарихына енді

Роналду Instagram тарихына енді

Туриндік "Ювентус" пен Португалия құрамасының форварды Криштиану Роналдудың Instagram желісіндегі парақшасына 200 миллионнан аса қолданушы жазылған.

  • 30 Қаңтар 2020
  • 24
Фото - Caravan.kz


Әлеуметтік желідегі статистиканы Trackalytics мәлім етт, деп жазды tengrinews.kz

Роналду платформа тарихына еніп отыр — тіркелген қолданушылардың ішінде ол алғаш болып 200 миллион фолловер жинаған. Португалиялық футболшының профилінен озып тұрған жалғыз аккаунт — Instagram желісінің парақшасы. 2019 жылы қаңтарда Роналду 150 миллион фолловер жинай алған алғашқы адам болып тіркелген еді. Ал былтыр қазанда Buzz Bingo спортшының әлеуметтік желідегі табысын санаған. Форвард парақшасындағы бір пост үшін 48,66 миллион доллар алады. Осы маусымда Роналду Италия чемпионатының 18 матчында 17 гол соққан. Ол мадридттік "Реал", англиялық "Манчестер Юнайтед" пен лиссабондық "Спортинг" сапындағы ойынымен танылған болатын.
 

Соңғы жаңалықтар