«Роснефть» қызметкерін үш баласымен бірге өртеп жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Роснефть» қызметкерін үш баласымен бірге өртеп жіберді

«Роснефть» қызметкерін үш баласымен бірге өртеп жіберді

 «Роснефть» компаниясының аға қызметкері Елена Переверзева мен оның үш баласы

  • 9 Қыркүйек 2014
  • 550
Фото - Caravan.kz

Мәскеу түбіндегі Химкада болған өрт кезінде қаза тапты, деп хабарлайды «Лента.ру».

43 жастағы әйел мен  егіз баласы (ұл  мен қыз) және 12 жастағы баласының мәйіттері Терехово кентіндегі өртенген коттежд орнынан табылды.

«Оқиға болған жерді тексеру барысында әйелдің мойнынан екі қабатталып оралған синтетикалық арқан табылды»,делінген РТК Мәскеу облысы бойынша бас тергеу басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Алдын ала тергеу мәліметтеріне қарағанда, Елена Переверзеваның үйіне қарақшылық шабуыл жасалған. Зұлымдар өздерінің қылмыстарын жасыру үшін үйді әдейі өртеген.


Ажал құшқан әйелдің «Роснефть» қызметкері екендігі тек 8 қыркүйекте анықталды.