Роспотребнадзор міндетті вакцинациялау бойынша тексерісті бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Роспотребнадзор міндетті вакцинациялау бойынша тексерісті бастайды

Роспотребнадзор міндетті вакцинациялау бойынша тексерісті бастайды

Роспотребнадзор, бүгіннен бастап, Мәскеудегі кәсіпорындардың қызметкерлерін міндетті вакцинациялау бойынша тексере бастайды.

  • 15 Шiлде 2021
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сауда, көлік, медицина, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің кем дегенде 60%-ына COVID-19-ға қарсы вакцина егу тапсырылды. Талап мемлекеттік, азаматтық және муниципалдық сала қызметкерлеріне, билік органдарына да қатысты. Тексеруді ақпараттық технологиялар көмегімен жүргізеді.

Айта кетелік, көрші елде 2021 жылдың 15 шілдесіне дейін вакцинаның I компоненті немесе бір компонентті вакцина барша жұмысшыларға салынуы тиіс еді, ал 2021 жылдың 15 тамызына дейін екпенің II компонентін алу қажет.


Бұл талапты орындамаған ұйымдарға қызмет түріне байланысты 30-50 мыңнан 300 мыңға дейін, тіпті 1 миллион рубль көлемінде айыппұл салынады.