"Роза Бағланованың халқына адал қызмет ету жолын өзіме үлгі етемін" - Аша Матай - kaz.caravan.kz
  • $ 476.75
  • 541.59
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Роза Бағланованың халқына адал қызмет ету жолын өзіме үлгі етемін" - Аша Матай

"Роза Бағланованың халқына адал қызмет ету жолын өзіме үлгі етемін" - Аша Матай

Құрылтай депутаттығына үміткер Аша Матай өзін айыптағандарға жауап берді.

  • 29 Шiлде
  • 13
Фото - Видеодан скрин

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Мен телевидениенің әр арнасында 20-ға жуық әртүрлі бағыттағы бағдарламаларды жүргіздім. Қалаулым соның біреуі ғана. Белгілі уақыт жүргізген «Қалаулым» жобасы жайлы қысқаша да айтып өткенім жөн болар. Бұл жобаға түрлі көзқараспен қарауға болады. Әуелі мен бұл жобаның авторы емес екенімді, қарапайым қатардағы қызметкер болғанымды, яғни жүргізуші болғанымды еске салғым келеді. Бағдарламаның редакторлық саясаты ешқашан менің құзіретімде болған емес. Жобаның маған кәсіби тұрғыда қызық көрінген, жоққа шығаруға болматын бірнеше тұстары болды», — деді Аша Матай.

Сондай-ақ, ол сенім тек іспен дәлелденетінін айтып өтті.

«Сенім ол тек іспен дәлелденеді. Мен саясатта ғажайып құбылыстарды уәде еткім келмейді. Барлық мәселені бір күнде шешіп тастаймын деп те айтудан аулақпын. Бірақ бос сөйлеп, аяқ босатып жүргім келмеді, нақты іспен айналысуды жөн көрдім. Әрбір мәселені егжей-тегжейлі зерттеуге, зерделеуге дайынмын. Халықтың мүддесін қорғау менің басты мақсатым. Ұсынылған депутаттар тізімінен Ұлттық Құрылтай тізіміне кімнің өтетінін партияның өзі шешеді, мен ықпал ете алмаймын. Әуелгі мақсатым депутаттардың сайлау науқанына қатысып, егер өтсем енген көпшіліктің мұң-мұқтажын жеңілдетіп, қазақ халқына пайдамды тигізіп, адамдарға көмектесу. Біздің тарихымызда Роза Бағланова секліді халқына өнерімен де, азаматтық ұстанымымен де қызмет еткен тұлғалар болды. Мен өзімді ол кісімен салыстырмаймын, бірақ Роза апамның халқына адал қызмет ету жолын өзіме үлгі етемін», — деді Аша Матай.