Жарияланды: 340

Роза Рымбаева ән кешіне дамыл таппай дайындалып жатыр

Роза Рымбаева мерейтойлық ән кешіне шақырады! Биыл әншінің сахнада жүргеніне 40 жыл. Осыған байланысты ертеңгі концерт алдындағы дайындық қызу жүріп жатыр.

Халық әртісі есеп беру концертіне күн сайын 7 сағаттан дайындалады. Қазір кешке қатысатын барлық өнер жұлдыздары да соңғы әзірліктерін пысықтауда. Әнші жас өнерпаздармен қоса, мерейтой қарсаңында еліміздің бірнеше аймағын аралап, есеп беру концертін өткізген. Енді алматылық көрермендер соның қорытындысына куә болады. Концерт оркестрдің сүйемелдеуімен тек жанды дауыста өтпек. «Ертеңіме сенемін» деп аталатын кеш өнер иесінің шығармашылығы бастау алған Республика сарайында ертең болады.

Роза Рымбаева, әнші, Қазақстанның халық артисі:

-Менің репертуарымда 400-ден астам ән бар. Оның бәрін бір концертте орындау мүмкін емес. Сондықтан көрерменнің ең есінде, құлағында қалған әндерім бірінші қатарда, одан кейін менің өзімнің сүйіп орындайтын композиторларының әндері, қазақ композиторларының әндері. Одан кейін жас композиторлар, жаңа әндер. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін