Розы Жаманованың шығармашылығы қазақстандық халықтың есінде мәңгі сақталмақ-Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Розы Жаманованың шығармашылығы қазақстандық халықтың есінде мәңгі сақталмақ-Назарбаев

Розы Жаманованың шығармашылығы қазақстандық халықтың есінде мәңгі сақталмақ-Назарбаев

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев КСРО және Қазақ КСР халық әртісі Роза Жаманованың қайтыс болуына байланысты туысқандары мен жақындарына көңіл айтып жедел хат жолдады,

  • 28 Желтоқсан 2013
  • 528
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады жұмада елбасының баспасөз қызметінен.

Жеделхатта Н.Назарбаев атап өткендей, Роза Үмбетқызы бүкіл шығармашылық қызметін Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына арнаған.

"Тамаша дауысы мен керемет шеберлігінің арқасында ол отандық және әлемдік опералық туындылардың бірінші арияларын орындаған. Консерваторияда сабақ берген кезінде көптеген лайықты ізбасарларды тәрбиеледі".

Дарындылығы мен еңбегінің арқасында ол халықтың құрметіне ие болды, кезінде КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған, мемлекеттік наградалармен марапатталған, делінген онда.


Алдында хабарланғандай, опера әншісі Роза Жаманова Алматыда жұмаға қараған түні 85 жасында қаза болған.