Ауыр жарақаттар мен ұрып-соғу белгілермен 35 жастағы журналистің мүрдесі Мәскеудегі оның пәтерінен табылған.
ҰЖҚ сайтындағы хабарламада Рубцовты 3 мамырда өлтірген делінген, оның пәтерін тонап кеткен.
Тергеу комитетінің деректеріне қарағанда, оны өлтірген 1986 жылы туылған ер адам болуы мүмкін. «Қылмыс орын алмас бұрын жәбірленуші ұсталған ер адамға (бірге тұрып жатқан) пәтер кілтін бергені анықталды», — деп хабарлады ТК.
Күдіктіге айып тағылды, оны қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шараларын қабылдау мәселесі шешілуде. Сот-медициналық, молекулярлық-генетикалық және дактилоскопиялық сараптама тағайындалды, делінген хабарламада.
ҰЖҚ агенттігі — "Наше Радио", Rock FM, Best FM және "Радио JAZZ" — төрт радиостансасына жаңалықтар жеткізеді. Соңғы екі жылда Александр Рубцов осы радио стансаларда жаңалықтар шығарылымын жүргізген.