Рубль бағамы мұнай құнына байланысты болады - Қ.Келімбетов - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рубль бағамы мұнай құнына байланысты болады - Қ.Келімбетов

Рубль бағамы мұнай құнына байланысты болады - Қ.Келімбетов

Рубльдің өзге валюталарға шаққандағы бағамы тікелей мұнай құнына байланысты болады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

  • 15 Шiлде 2015
  • 489
Фото - Caravan.kz

Оның сөзіне қарағанда, алдағы жылдарда мұнай бағасы барреліне 50-70 доллар көлемінде болады.

«Рубльдің өзге валюталарға қатысты бағамы негізінен мұнай бағасының ауытқуына байланысты болады. Егер мұнай бағасын сұрасаңыздар, оны болжау қиын. Дегенмен сарапшылардың ортақ көзқарасы бар, ол бойынша, алдағы жарты және бір жылда мұнай бағасы 50-70 доллар шамасында қалады. Меніңше, бұл алдағы жылы ең оңтайлы баға. Егер алдағы жарты жылда болатын жағдайды сараптайтын болсақ, оның деңгейі 50-60 доллар шамасында сақталады», — деп атап өтті бас банкир.

Оның ойынша, бюджеттің көлемі де өзгермейді. Себебі бюджет мұнайдың бағасы 50 доллар шамасында қаланды.


«Алдағы екі жылда мұнай бағасы барреліне 50-70 доллар шамасында қалады деп ойлаймын. Биыл ол 55-60 көлемінде ауытқуда. Егер ол өзгерген жағдайдың өзінде, елдегі валюталық саясат өзгермейді», — дейді ол.