Рудный тұрғыны лаңкестікті насихаттағаны үшін 6 жылға сотталды
![]() |
Қостанай қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 256 бабы бойынша байыпталған (лаңкестікті насихаттау) Рудный қаласының тұрғыны Болат Сатқанғұловқа қатысты сот үкімі шықты. |
Облыстық соттың баспасө қызметінің хабарлауынша, 2015 жылдың басында сотталушы лаңкестік сипаттағы идеяларды ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді пайдалану арқылы таратқан.
Сот Болат Сатқанғұловты кінәлі деп танып, оған 6 жыл бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін