«Рысқалиевтің ісіне» қатысты Павличенко Мәскеуде ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Рысқалиевтің ісіне» қатысты Павличенко Мәскеуде ұсталды

«Рысқалиевтің ісіне» қатысты Павличенко Мәскеуде ұсталды

Атыраудың бұрынғы әкімі Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі кәсіпкер Олег Павличенко Мәскеуде ұсталды, деп хабарлайды «Мегаполис» басылымы.

  • 3 Ақпан 2014
  • 271
Фото - Caravan.kz


Ақтөбе облысының 43 жастағы тумасы Павличенкоға «Бергей тобы» ісі бойынша мемлекет қазынасын тонап, жалған кәсіпкерлікпен айналысты деген айып тағылуда. 2012 жылдың 16 қазанынан ол мемлекетаралық іздеуде жүрген. Сот сырттай оған түрмеге қамау шешімін бекітті.

Тергеу амалдарының мәліметінше, Павличенко бұрынғы өңір басшысы құрған көпдеңгейлі криминалдық құрылымдағы көшбасшылардың бірі еді. Ол Атырау облысындағы әлеуметтік маңызға ие нысандардың құрылысына бюджеттен бөлінген қаржыны жымқырған. 

Сонымен қатар, Павличенкоға Атырау облысындағы Редут — АГРС — Финская магистральды газ құбырының екінші тармағының құрылысына бөлінген 60 млн теңгені қолды етті деген айып тағылды. 

«Біз Павличенконың Мәскеудегі тұрғылықты жерін анықтадық, ол сол жерде ұсталды. Қазіргі уақытта Қазақстанның Бас прокуратурасы оның экстрадициясы жөніндегі мәселені шешуде», — деп хабарлады атыраулық қаржы полициясы басшысының орынбасары Заңғар Заңқанов.