Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобына қарсы қылмыстық іс прокуратураға жіберілді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобына қарсы қылмыстық іс прокуратураға жіберілді

Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобына қарсы қылмыстық іс прокуратураға жіберілді

 Атырау облысының бұрынғы әкімі болған Бергей Рысқалиев басқарған ұйымдасқан қылмыстық топ үстінен қозғалған қылмыстық іс айыптау тұжырымымен сотқа беру үшін прокуратураға жіберілді. Бұл туралы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз орталығы мәлімдеді.

  • 4 Желтоқсан 2013
  • 274
Фото - Caravan.kz

Осы іс бойынша қылмыстық ұйымның 22 мүшесі тартылған, оның 11-і қазір тұтқында, 9-ы үй қамауында отыр, тағы екеуі ешқайда кетпеу туралы қолхат тапсырылған.

Б.Рысқалиев пен ағасы Аманжан Рысқалиев, сондай-ақ олардың тоғыз сыбайласына халықаралық іздеу салынған.

Бұл қылмыстық ұйым әрекетінен мемлекетке 71 млрд теңгеден астам зиян келген.