«Рыжий Алмаз, Атаба, Киса сияқты көп рэкеттермен жұмыс істедім» Мұхтар Жәкішевтің оққағары қастандық туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Рыжий Алмаз, Атаба, Киса сияқты көп рэкеттермен жұмыс істедім» Мұхтар Жәкішевтің оққағары қастандық туралы айтты

«Рыжий Алмаз, Атаба, Киса сияқты көп рэкеттермен жұмыс істедім» Мұхтар Жәкішевтің оққағары қастандық туралы айтты

Талғат Қыстаубаев Қазатомөнеркәсіптің бұрынғы басшысы болған Мұхтар Жәкішевтің оққағары әрі сенімді серіктесі. 10 жылдан аса жеке оққағары болған ол бірталай мәселенің басын ашты.

  • 22 Ақпан 2022
  • 489
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Жәкішевке ашық қастандық жасалған оқиғалар болған жоқ. Бірақ жұмыс істеген кезде әр түрлі адамдар келіп жүрді.

Мен өзім органда істегендіктен кезінде қылыс әлемінің адамдарымен таныс болдым. Себебі оған дейін өзім органда істедім.Тіпті біреулер келсе де, сөйлессе де мені танитын. Өйткені бұрын көрген. Оққағардың жұмысы негізі қиын ғой. Қастандық жасау үшін олар бірінші тексереді. Қасында кім жүр, қандай адам деп. Оққағарлар әр түрлі болады. Біреу қару ату жағынан шебер. Біреулер спортшы. Мысалы Жәкішевке қастандық жасау үшін алдымен күзетшіні зерттейді деген сияқты»,- деді ол.

Талғат Қыстаубаев қылмыс әлемінің адамдарын жиі көргенін айтты. Олардың сырттай таныстығы да кейбір жағдайда оң әсер еткен көрінеді. 

«Кезінде рэкет дейміз ғой, қылмыс әлемінің адамдарымен жарысқа бірге қатыстық, бір спорт залда жаттықтық. Чеваниден бастасақ, Рыжий Алмас, Черный Алмаз, Атаба, Баха Фестиваль, Киса, Төрт Ағайынды бәрімен жұмыс істедік. Өйткені біз жаттығып жүрген уақыттарда қалада негізгі санаулы ғана жаттығу залдары болды.

Оларды кезінде ұстап қамадық, бірақ оларға сен бандитсің, шпионсың деп қарамадық, адамгершілікпен қарадық. Сол себепті олар кейін кезіккенде сыйластық танытатын,- дейді Жәкішетің оққағары.

Ал Мұхтар Жәкішевті 2009 жылы қамаған.


«21 маусым күні Алматыдан Астанаға шығарып салдым, ол кісі Путин келді, жолығатын болдым деп ұшып кетті. Ертеңінде түстен кейін қамады деген хабар естідім. Қасында ол кезде болмағандықтан кездескен-кездеспегенін нақты білмеймін. Көп өтпей мені ҰҚК ғимаратына шақырды. Барсам есік алдында күтіп тұр екен. Сол жерде бірден кісен салды қолыма»,-деді Талғат мырза.

Қыстаубаевты кейін Астанадағы ҰҚК тергеу абақтысына апарады. Соңынан сотталады. Тергеу абақтысында бір жарым жыл отырған оққағар екі жарым жыл түрмеде тағы отырып шығады.

Ал Мұхтар Жәкіше 11 жылда үш түрмеде отырды. Соның бірі Қарағанды түрмесі.Талғат Қыстаубаевтың айтуынша, әр түрме әр түрлі екен.

«Әр жерде әр түрлі. Мысалы Карлагта дубинкамен қарсы алады, бас көз деп қарамай ұратын заңы бар. Ол бұрынан келе жатқан жүйе»,- деді ол.

Дегенмен Жәкішев отырған кезде Қарағанды түрмесінде ұрып-соғатын қатаң заң өзгеріп, тәртіп орнапты.

«Ол үлкен шу болды ғой. Ол кісіден бұрын ол жерде Карлагта бұрынғы ішкі істер министрі отырды. Соны ұрып соққан. Арты үлкен шуға айналды. Тергеу басталды. Серік Баймағамбетов сол жерде отырыды. Оны ұрды»,- деді Қыстаубаев.