Еске сала кетейік, кеше Үкімет басшысы селекторлық жиын өткізіп, онда мемлекеттік органдарға бірінші қажеттіліктегі тауарлардың бағасын негізсіз көтертпеуге тапсырма берді. Сонымен бірге, Ұлттық банктің шетелдік валютаны сатуға байланысты шешімін қадағалау қажеттілігін атап өтті.
Серік Ахметов «Әлем» базары мен «Алма» сауда орталығына барып, сөредегі тауар түрлерімен және ондағы бағаның жағдайымен танысты. Сондай-ақ Премьер-министр бірқатар айырбастау пункттері мен «Nomad oil» жанар-жағармай құю стансасында болды.
Үкімет басшысы мемлекеттік органдарға «өңірлердің нарығындағы жағдайға күн сайын мониторинг жүргізіп, пайда болған мәселелерді шешуге көп кешікпей әрекет етуді» тапсырды.
«Бұл жұмысты тек облыс орталықтары мен қалаларда ғана емес, сонымен бірге, елді мекендерде де жүргізу керек», — деді С.Ахметов.