Саакашвили америкалық университетке жұмысқа тұрды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Саакашвили америкалық университетке жұмысқа тұрды

Саакашвили америкалық университетке жұмысқа тұрды

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили американдық Флетчер атындағы құқық және дипломатия мектебіне жұмысқа орналасты, ол онда еуропалық мемлекеттілік туралы дәріс оқиды. Лента.ру агенттігінің мәліметіне қарағанда, бұл туралы оқу орнының сайтында хабарланды.

  • 23 Желтоқсан 2013
  • 256
Фото - Caravan.kz

Саакашвилидің дәрістер курсы басқа да заманауи тақырыптарға арналмақ, ол 2014 оқу жылының көктемгі семестрінен басталады, деп нақтылады сайт. Бұл жұмысы үшін қанша сыйақы алатыны туралы ештеңе айтылмаған.

Мектептің хабарламасында Саакашвилиді тәжірибелі саясаткер деп атаған, ол өз елінің тарихын өзгертіп, оны Батысқа қарай бұру арқылы атағы шыққан.

Флетчер атындағы құқық және дипломатия мектебі Тафтс университетінің бір бөлігі. Мектеп 1933 жылы ашылған. Тафтс университеті Times халықаралық рейтингісінде 87-ші орын алады.


Саакашвили 2004 жылдан 2013 жылға дейін екі мерзім бойы Грузия президенті болды. Ол 2003 жылғы «раушан төңкерісі» арқасында билікке келді.