Ғалымдар туғанына 16 ай болған сәбилердің іс-әрекетін ұзақ уақыт бақылаған, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы. Тәжірибе барысында дастарқан басындағы балаларға 14 сұйық тағам көрсетіліп, олардың атауы айтылған. Күнделікті дағдының нәтижесінде бүлдіршіндер сұйық тағамдарды көргенде үйреншікті сөздерді дыбыстауға тырысатынды шығарады. Тіпті әлгі заттарды қатты форма түрінде көрсеткенде де, олардың атауын шатастырмайтын болған. «Баланың дастарқан басында тамақты езгілеп ойнауы — оның қалыпты дамып, дүниені тани бастағаны», — дейді америкалық мамандар.