Сәбиін емхана дәлізінде тастап кеткен көкек ана табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәбиін емхана дәлізінде тастап кеткен көкек ана табылды

Сәбиін емхана дәлізінде тастап кеткен көкек ана табылды

Екібастұзда осыдан бір апта бұрын өз сәбиін емхана дәлізінде тастап кеткен көкек ана табылды. Алена Семайкина есімді Балқаш қаласының 22 жастағы тұрғыны полицияға өзі сауға сұрап келіпті.

  • 22 Қараша 2013
  • 346
Фото - Caravan.kz


Арсыз әрекетін қаржыдан қиналғандығымен байланыстырған безбүйрек әйел әуелі нәрестені қайтарып алуға ұмтылып, кейін бұл ойынан қайта бас тартқан. Айтуынша, пана сұрай келгенде екібастұздық ағасы үйіне сыйғызбаған көрінеді. Құзырлы орындар кездейсоқ табылған 1,5 айлық қызды енді анасына бермеуге бекініпті. Қазір бұл іс сотқа жолданған. Бәрі нақтыланғанға дейін нәресте балалар емханасын паналай тұрмақ.