“Сабырлы, байсалды адам еді”: 5 адамды атып өлтірген күдікті кім? - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Сабырлы, байсалды адам еді”: 5 адамды атып өлтірген күдікті кім?

“Сабырлы, байсалды адам еді”: 5 адамды атып өлтірген күдікті кім?

Алматыда бес адамды атып өлтірген азаматтың көршілері оқиға жайлы айтып берді.

  • 21 Қыркүйек 2021
  • 251
Фото - Caravan.kz

Сөздерінше, тұрғынды қылмыс жасауға белгілі жағдайлар итермелеген, деп хабарлайды  Caravan.kz  порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

“Сабырлы, байсалды адамның ондайға баруы мүмкін емес еді. Оны қылмыс жасауға әлдекімдер итермеледі. Әрқашан түрлі дүниелер, жағдайлар, адамдар осындай жағдайдың орын алуына себеп болады”, – дейді көршісі Рахметолла Амуратов.

Кейбір деректерге сүйенсек, арты өліммен аяқталған атыстың шығуына отбасыны үйден күштеп шығару себеп болуы мүмкін. Адамдарға оқ атқан азамат 54 жаста. Ол 5 адамды аңшы мылтығымен сұлатып салған.


Көз жұмғандардың арасында екі полиция қызметкері, сот орындаушысы мен екі қарапайым азамат бар.

Полиция күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтады.