Жарияланды: 390

Сағынтаев Алматыға блок-бекет қойылуы мүмкін екенін айтты

Сағынтаев Алматыға блок-бекет қойылуы мүмкін екенін айтты

Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласына кіретіндерге және шығатындарға шектеу қойылуы мүмкін екенін айтты.

 Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарт агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мегополис басшысы "Алматы" арнасының Akimat LIVE тікелей эфиринде қалаға блокпостар қойылуы мүмкін екенін мәлім етті.

"Алматының жабылатыны немесе жабылмайтыны өзімізге байланысты. Егер де сақтық шараларын сақтамасақ, маска тақпасақ, ара қашықты сақтамасақ, той тойлап жүретін болсақ, амал жоқ сол жағдайға келуіміз мүмкін. Сондықтан санитарлық талапты қатаң сақтау қажет", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Әкімінің айтуынша, облыс тұрғындарының басым бөлігі Алматы қаласында жұмыс істейді.

"Біз Алматы маңындағы аудандардан бөлектене алмаймыз. Себебі, көп адам сол облыстан қатынап жұмыс істейді. Бұл тек шағын кәсіпорындар да ғана емес мемлекеттік қызметте жұмыс істеп жатқандар да бар. Қайталап айтамын, талапты сақтайық. Әйтпесе, амал жоқ блокпост қоюға тура келеді", - деді әкім.

Айта кетейік, Сағынтаев Алматыдағы коронавирус жұқтырғандар туралы "Бір аяғымыз "қызыл" аймақта" деп хабаралады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін