Сайлауға бақылау жасау жөніндегі комитет дауыс беру барысында өрескел заң бұзушылықтарды анықтаған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сайлауға бақылау жасау жөніндегі комитет дауыс беру барысында өрескел  заң бұзушылықтарды анықтаған жоқ

Сайлауға бақылау жасау жөніндегі комитет дауыс беру барысында өрескел заң бұзушылықтарды анықтаған жоқ

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 19 - тамыз. АСТАНА. "Сайлауға бақылау жасау жөніндегі комитет" республикалық қоғамдық бірлестігі мәжіліс және мәслихат сайлауында дауыс беру барысында өрескел заң бұзушылықтарды анықтаған жоқ.

  • 19 Тамыз 2007
  • 398
Фото - Caravan.kz

«Сайлау өте тыныштықта өтті, ауан ойдағыдай болды. Ешқайда ешқандай қайшылықтар және заң бұзушылықтар тіркелген жоқ»,- деп хабарлады жексенбіде Астанада өткен баспасөз мәслихатында комитет төрағасы Қуаныш Сұлтанов.

Сонымен қатар, Сұлтановтың айтуынша, кейбір ұйымдастырушылық -техникалық кемшіліктер болды. «Мысалы, сайлаушылар тізімін құру проблемасы: кейбіреулері тізімде нақтыланбаған. Бұрынғы кездегідей, отбасы мүшелері үшін де дауыс бермек болды»,- деп түсіндірді ол.

«Бірақ, осыларға қарамастан, мен адамдар сайлауға өте үлкен қызығушылық танытты деп ойлаймын. Бұған өткен сайлауға (депутаттар) сайлаушылардың 56 пайызы келген, ал осы жолы 10 пайыздан артық — 65 пайызға жуығы келді»,- деп қорытындылады Сұлтанов.

Сайлауға бақылау жасау жөніндегі комитет 2005 жылы президент сайлауы кезінде құрылған. Оның құрамына белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері кіреді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті