Ұлттық сыйлықта Сайрагүлдің адвокаты болған, Қазақстан адвокаттар кеңесінің мүшесі Абзал Құспан "Жыл адамы" атанды.
Бұл туралы белгілі блогер Айболат Бүкенов Facebook парақшасында жазды.
"ЖЫЛ АДАМЫ — АБЗАЛ ҚҰСПАН!
Айтып, қолдап жатқанымыз сол еді. Жұрттың тілегі орындалды. Шын иесін тапқан сыйлық! Абзал Құспан ағамыз "Жыл адамы" атанды. Аға сізді тіл көзден сақтап, отбасыңызға амандық, барша жақсылықты тілеймін. Жұртым деп жігерленіп, елім деп еміреніп қызмет ете бергейсіз. Аман жүр ағам" — деп жазды блогер.