Жарияланды: 320

С.Ахметов: Біз Қазақстан мен ГФР арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін барлық жағдай жасаудамыз

Біз Қазақстан және ГФР арасындағы экономикалық ынтымақтастықты, сондай-ақ Қазақстандағы герман бизнесін дамыту үшін барлық жағдай жасаудамыз.

Германия экономикасы Шығыс комитетінің төрағасы Экхард Кордеспен «Регент» қонақ үйінде болған кездесуде ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов осылай мәлімдеді. «Соңғы жылдары біздің елдер арасындағы экономикалық өзара ықпалдастық кеңейді. Германия Қазақстан үшін Еуропадағы жетекші әріптестерінің бірі болып табылады. 2012 жылдың қаңтар-тамыз аралығындағы тауар айналымының көлемі 2,5 миллиард АҚШ долларын құрады», - деді С.Ахметов. Оның айтуынша, тауар айналымы өткен жылдан бері едәуір өсті. С.Ахметов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ағымдағы жылдың ақпан айында жасаған сапарының барысында қол қойылған шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы Келісімді іске асыруда белсенді жұмыс істеу қажеттілігін атап өтті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін