Жарияланды: 360

С.Ахметовтың ісін қарастырып жатқан сот мәжілісінде судья ауысты

С.Ахметовтың ісін қарастырып жатқан сот мәжілісінде судья ауысты

Қорғаушы Шәймерденов төрағалық етуші судьяға қарсылық білдірді, деп хабарлайды http://www.24.kz/.

 Ол - ТКШ бұрынғы басшысы Айдос Жәкеновтің адвокаты. Қорғаушының қарсылығын қарастыру үшін жаңа судья шақырылатын болады. Ең соңғы ақпаратқа сәйкес, қорғаушы Шәймерденов қарсылығына негіз келтіре алмады. Сол себепті жаңадан шақырылған судья оған әрекетін қағаз жүзінде түсіндіру үшін 20 минут уақыт берді. Күдіктілерді 50 адвокат қорғауда. Бір ғана Серік Ахметовтің басында 5 қорғаушы бар. Экс-премьерге қатысты қылмыстық іс 340 томнан тұрады. Оған ҚР ҚК  «Пара алу», «Өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену мен ысырап ету», «Қызметтік өкілеттіліктерді бас пайдасы үшін пайдалану» және «Заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу» баптары бойынша айып тағылуда.   Істі қарастырып жатқан судья Исламхан Есенбаев қорғаушылардың барлық арыздарын кері қайтарды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін