Салған жолдары қыстағы жағдайға жарамсыз болып шыққан жол салушылар тендерлерге жіберілмейтін болады - Оңтүстік Қазақтан облысының әкімі - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Салған жолдары  қыстағы жағдайға жарамсыз болып шыққан  жол салушылар тендерлерге жіберілмейтін болады - Оңтүстік Қазақтан облысының әкімі

Салған жолдары қыстағы жағдайға жарамсыз болып шыққан жол салушылар тендерлерге жіберілмейтін болады - Оңтүстік Қазақтан облысының әкімі

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 10 қыркүйек. ШЫМКЕНТ. Оңтүстік Қазақтан облысының басшылығы салған жолдары қыстағы жағдайға жарамсыз болып шыққан жол салушы фирмаларды тендерлерге жібермейтін болады. Бұл туралы облыс әкімі Нұрғали Әшімов журналистерге арнап өткізілген брифингте мәлімдеді.

  • 10 Қыркүйек 2007
  • 560
Фото - Caravan.kz

«Салған жолдары қыстан жаман жағдайда шыққан фирмалар келесі жылы тендерлерге жіберілмейді», — деп мәлімдеді Н. Әшімов.

Әкімнің айтуынша, биыл «республикалық жолдармен қоса жалпы жол салуға 12 млрд теңге бөлінген». «Биыл Шымкентте 60 көше жөнделеді», — деді Н. Әшімов. Ол осы ретте «жол салу жұмыстарының сапасы сын көтермейтіндігіне» тоқталды.

Н. Әшімовтың хабарлауынша, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының қызметкерлеріне жолдардың сапасын тексеруге тапсырма берілді. «Қазір барлық жолдарды қайта бір тексеріп шығып, акт жасап, қажет болған жағдайда наразылық құжатын (рекламация) беру қажет», -деді әкім.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті