Салтанат Тұрсынбекова Атырау облысына барды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Салтанат Тұрсынбекова Атырау облысына барды

Салтанат Тұрсынбекова Атырау облысына барды

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова сайлауалды үгіт-насихат науқанымен Атырау облысына барды.

  • 15 Қараша 2022
  • 32
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Медициналық мекеме қызметкерлерімен, үкіметтік емес ұйым және қоғам белсенділерімен кездесу өткізді. Жиын барысында кандидат сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, қалалықтардың сұрақтарына жауап берді. Кездесуде көтерілген негізгі мәселе – ана мен бала өлімі. Кандидат бұндай жағдайлардың басты себебін атап, шешу жолдарына да тоқталып өтті.

— Ж
үкті әйелдердің өлім-жітімінің өсуінің негізгі себептерінің бірі Ковид пандемиясы болды. Ал келесі мәселе ғимараттардың тозуы, тиісті инфрақұрылымның жоқтығы мен жабдықтардың жеткіліксіз деңгейі. Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша тек бір ғана Атырау облысында ана өлімінің 2 фактісі тіркелді. Ал 1 жасқа дейінгі бала өлімі болса бұл өңірде 9 ай ішінде 114-ге жеткен,
 — деді президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова.
 

Соңғы жаңалықтар