Салынып бітпеген үйді пайдалануға бергені үшін қызметінен босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Салынып бітпеген үйді пайдалануға бергені үшін қызметінен босатылды

Салынып бітпеген үйді пайдалануға бергені үшін қызметінен босатылды

 Қостанай облысы бойынша мемлекеттік архитектуралық-құрылыстық бақылау және лицензиялау департаментінің басшысы міндетін атқарушы

  • 15 Қаңтар 2015
  • 294
Фото - Caravan.kz


Қайырбек Ерденов тәртіптік кеңес ұсынысы бойынша қызметтен босатылды.
Онымен бірге Қостанай әкімінің орынбасары Валерий Полешко да қызметтен босатылмақ, деп  облыстық прокуратура мәлімдеді.
Қ.Ерденов жемқорлық үшін жағдай туғызатын заң бұзушылықтарға барғаны үшін қызметінен босатылды. Қостанай әкімінің орынбасары қазір амбулаторлық ем алуда. Ол жұмысқа шыққан соң оны тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе шешілді.
Прокуратура мәліметіне сәйкес, қызметтен босатуға олардың құрылысы аяқталмаған тұрғын үйді заңсыз қабылдауы себеп болды. Соның салдарынан үй тұрғындары ұзақ уақыт газбен қамтылмай қалған.