Самат Смақов “Ақтөбемен” қош айтысты
|
Бұған дейін Перудің шөлейтті аймағын кес-кестеген ралли-марафонға қатысушылар, бесінші жарыс күні Чилидің шегарасын басып өтті. Жүк көліктері бәсекесінде бұл жолы голландиялық пилот Ханс Стейсидің экипажы топ жарды. Жеңімпаздар 509 шақырымды құраған жарыс жолын 2 сағат 7 минут 34 секундта бағындырса, қазақстандық «Астана» командасының жүк көлігі 15-ші нәтиже көрсетті.
Бүгінгі кезең қорытындысы бойынша Артур Ардавичустің экипажы, жалпы командалық есепте үш саты алға жылжыды. Жол талғамайтын көліктер додасында испаниялық Хуан Нани Романың астындағы темір тұлпар, мәреге бірінші келді. Сөреге екінші жеткен жалпы есептің лидері француз Стефан Петерансель көш тізгінін уысында ұстап қалды. Мотоциклшілер додасында «Ямаха» ерттеп мінген француз Давид Касто үздік шықты. Бес кезеңнен кейін мотошабандоздар арасында әзірге Оливье Пэннің жолы болып тұр.
Дәстүрлі Дакар-раллидің Оңтүстік Америкаға қоныс аударғанына тура бес жылдың жүзі болыпты. Бірақ мұнымен Африка құрлығында авто мото марафон тоқтап қалған жоқ. Сол жылы-ақ Дакардың орнын Африка эко рэйс ралли-рейді басты.
Бес жылдан бері бұрынғы ескі маршрут ойымен өткізіліп келе жатқан дәстүрлі ралли-рейд, биыл «Астана» экипажы үшін қомақты жеңіспен есте қалатын болды.
Т2 классына жататын жол талғамайтын көліктер додасында Қанат Шагиров пен Александр Мороздың экипажы үздік шықты. Бұл отандық автоспорт тарихындағы үлкен жетістігіміздің бірі екені даусыз. Латын Америкада өтіп жатқан Дакар-2013» ортасында жүрген жерлестерімізге де Марат пен Александрдың жеңісті жолын тілейміз.
Самат Смақов “Ақтөбемен” қош айтысты. 2007-ші жылдан бері осы клубтың намысын қорғап келген капитан енді Түркияның “Ризеспор” командасында өнер көрсетпек. Шетелде бақ сынауға бел буған Смақов, жаңа клубымен бір жарым жылдық келісімшартқа қол қойды.
Самат “Ақтөбе” сапында Қазақстан чемпионатында алтын, күміс және қола жүлдегер атанған. Ол бірнеше рет Қазақстанның үздік футболшысы болып та танылған болатын. Тас қамал қорғаушыға қолқа салғандар аз болмапты. Мәселен ресейдің “Крылья Советов”, израильдің “Маккаби” және германияның “Вадуц” клубы талантты ойыншыны өз сапында көргісі келген. Алайда жерлесіміз “Ризеспорды ” таңдапты. Смақовтың жылдық табысы шамамен 300 мың долларды құрамақ. Бұл клубта Самат жалғыз қазақстандық емес. Естеріңізге сала кетсек, түркиялық командада құрамамыздың экс-қақпашысы Давид Лория бар.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін