«Samruk-Кazyna Trust» үкіметтік емес ұйымдар арасында байқау жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Samruk-Кazyna Trust» үкіметтік емес ұйымдар арасында байқау жариялады

«Samruk-Кazyna Trust» үкіметтік емес ұйымдар арасында байқау жариялады

«Samruk-kazyna trust» қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарына байқау жариялайды, деп Қордың баспасөз қызметіне

  • 16 Мамыр 2016
  • 443
Фото - Caravan.kz

«Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры компаниясының тобындағы «SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры төменде көрсетілген бағыттар бойынша қайырымдылық жобаларды жүзеге асыру үшін қоғамдық ұйымдарды іріктеу байқауын жариялайды: 

— әлеуметтік және медициналық сектордағы қауымдастықтар мен адамдарға көмек; 

— медиа, мәдени қауымдастық пен адам әлеуетін дамыту; 

— еңбек қатынастары мен ұлтаралық қарым-қатынастарды нығайту; 

— өңірлерді және бизнес бастамаларды қолдау.

Байқау негізінде іріктелген ең үздік қоғамдық ұйымдарға қаржылай көмек көрсетіліп, қайырымдылық жобаларын жүзеге асыру жəне əкімшілік жұмыстарын жүргізуге қолдау көрсетіледі.


Байқауға қатысу ережелерімен, жобалар құжаттарымен және қосымша ақпаратпен www.sk-trust.kz, www.skc.kz сайттарында немесе call-центрге: 8 (7172) 24 80 13, 57 66 59 хабарласуға болады.

Байқауға қатысуға өтініш жіберу мерзімі: 2016 жылдың 31 мамырынан 13 маусымға (сағат: 17.30-ға ) дейін.