Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 18 тамызда «Самұрық» холдингі акционерлік қоғамының басқармаларының төрағасы Қанат Бозымбаев холдинг ұжымына жаңа атқарушы директор Бауыржан Амангелдіұлы Баймұхановты таныстырды.
Бауыржан Амангелдіұлы Баймұханов 1971 жылдың 21 шілдесінде Қарағанды облысында туған. Әл-Фараби атындағы ҚазМУ мен Қазақ басқару академиясының нарық институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, теміржол және телекоммуникация саласында басқару тәжірибесіне ие.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті