«Самұрық-Энерго» АҚ мен «BharatHeavyElectricalsLimited» арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
«Самұрық-Энерго» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құжатқа Үкімет басшыларының қатысуымен «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен BHEL Басқарма Төрағасы Бонтха Прасада Рао (Bontha Prasada Rao) қол қойды.
Меморандумның талаптарына сәйкес, тараптар ЖЭС, СЭС, СЖЭС және жылу мен электр энергиясын аралас өндіретін электр стансасын (ЖЭО) жобалау, салу, қайта құру үшін энергетика саласында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жүзеге асыруға ниет етіп отыр.
BHEL — Үндістан Үкіметі құрған жетекші компания және қызметінің негізгі түрі электр энергетикалық жабдықтарды (газ турбиналарын, бу турбиналарын, су турбиналарын, қазандықтарды, трансфораторларды және т.б.) өндіру, сондай-ақ электр стансаларын салу болып табылатын Үндістанның ірі инженерлік-өндірістік кәсіпорындарының бірі.