«Самұрық-Қазына» компаниялары бірінің үлесі 48 млн. теңгеге сатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Самұрық-Қазына» компаниялары бірінің үлесі 48 млн. теңгеге сатылды

«Самұрық-Қазына» компаниялары бірінің үлесі 48 млн. теңгеге сатылды

Жекешелендіру бағдарламасы аясында «Менеджмент ЖҚ» ЖШС сатылды, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметі.

  • 27 Шiлде 2015
  • 425
Фото - Caravan.kz

«Самұрық-Қазына» АҚ еншілес ұйымы — «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның қарамағындағы «Менеджмент ЖҚ» ЖШС-ның 51% акциясын сату-сатып алу шартына қол қойылды. Мәміле сомасы 48,321 млн. теңгені құрады», — делінген хабарламада.

«Менеджмент ЖҚ» ЖШС Жекешелендіру кешенді жоспары ауқымында саудаға шығарылған болатын және «Самұрық-Қазына» АҚ тобының бәсекелестік ортаға жататын 106 активінің бірі. Компания қызметінің негізгі түрі — жылжымайтын мүлікті жалға беру болатын.  

Еске сала кетейік, Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру басталғалы 184 нысан сатылды, оның 29-ы — «Самұрық-Қазына» холдингінің активтері.


Активтерді өткізудің жалпы сомасы 56 млрд. 387 млн. теңге болды.