«Самұрық-Қазына» ҚР Ұлттық банкіне ҚазМұнайГаз акцияларының 10 пайызын береді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Самұрық-Қазына» ҚР Ұлттық банкіне ҚазМұнайГаз акцияларының 10 пайызын береді

«Самұрық-Қазына» ҚР Ұлттық банкіне ҚазМұнайГаз акцияларының 10 пайызын береді

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ҚР Ұлттық банкіне «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қарапайым акцияларының 10 пайызын береді.

  • 29 Шiлде 2015
  • 361
Фото - Caravan.kz

ҚР Үкіметінің ҚР нормативтік құқықтық актілері ақпараттық-құқықтық жүйесі порталында жарияланған  қаулысы (а. ж. 23 шілдедегі № 570) мәтінінде көрсетілгендей, көмірсутектерін барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі ұлттық оператор акцияларын жүз пайыздық ұстаушы «Самұрық-Қазына» қарапайым акциялардың 10 пайызын Ұлттық банктің пайдасына тәуелсіз бағалаушы белгілеген бағамен иеліктен шығаруы тиіс.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 10 (он) пайызды құрайтын 58420748 (елу сегіз миллион төрт жүз жиырма мың жеті жүз қырық сегіз) қарапайым акцияларын және плюс 1 (бір) қарапайым акциясын   тәуелсіз бағалаушы белгілеген бағамен, бірақ та 750 000 000 000 (жеті жүз елу миллиард) теңгеден кем емес бағамен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі пайдасына иеліктен шығаруы тиіс», — делінген құжатта.

Қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.