Жарияланды: 580

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын капиталдандыруға Ұлттық қордан 5 млрд. АҚШ доллары бөлінетін болады

Астана. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - "Мен үкіметтің 2009-2010 жылдардағы басты міндеті Қазақстандағы әлемдік дағдарыстың салдарын еңсеру деп бағдарладым"- , деді президент кеше республикалық телеарналға берген сұхбатында.

Президенттің айтуынша, "Бұл міндет үш шешуші бағытты белгілейді: макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және экономиканы жаңғырту. Бұл мақсаттар үшін Ұлттық қордан 10 млрд. АҚШ доллары бөлінетін болады. Оның 5 млрд доллары жаңа мемлекеттік холдинг - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын капиталдандыруға бағытталады. Осы арада Ұлттық қордағы қаражатты пайдалану оның тұрақтылығына кері әсер етпей ме деген сұрақ туатыны заңды. Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, бұдан қорқып-үркетін ештеңе жоқ. Өйткені, оның активтері жыл өткен сайын артып келеді. Бүгінде Ұлттық қорда 27 млрд. АҚШ доллары көлемінде қаржы жинақталған. Ұлттық қордағы қаражатты қоса есептегенде еліміздің халықаралық қор резерві 51,5 млрд. долларға жеткені жоғарыда айтылды. Осы қарқын сақталуы тиіс. Себебі мұнайдың бір баррелінің құны 60 доллар болады деген есептік көрсеткіш алынған. Ал оның бағасы осыдан біраз уақыт бұрын 140 долларға дейін көтерілсе, бүгінде 80 доллардың үстінде жүр. Жалпы, дағдарысты жеңілдету үшін былтырдың өзінде 4 млрд. доллар бөлініп, шара қабылдана бастаған болатын. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін